Туберкулиндік диагностика 1 страница

! Туберкулин дегеніміз не?

* туберкулез таяқшаларын қайнатқанда жойылуы

* туберкулез таяқшаларын кептіргенде жойылуы

*+туберкулез таяқшаларының өмір сүру өнімдері

* тірі туберкулез таяқшалары

* туберкулез таяқшалырың сүзілу формалары

! Манту сынағын жасағандағы енгізілетін туберкулин мөлшері (мл):

*+0,1 мл 2 ТБ

* 0,1 мл 10ТБ

* 0,1 мл 20ТБ

* 0,1 мл 50ТБ

* 0,1 мл 100ТБ

! Барлығы туберкулиндік диагностиканың негізгі мақсаты мен міндеттері, біреуінен басқасы:

* алғашқы жұқтыруды анықтау

*+туберкулезге қарсы спецификалық иммунитеттің өндірілуі

* туберкулинге гиперергиялық реакциямен және өршуімен кездесетіндерді анықтау

* БЦЖ вакцинациясына балаларды іріктеу

* туберкулез микобактериялары мен жұқтырылған аллергия деңгейін анықтау

! Оң Манту сынамасындағы инфильтрат мөлшері:

* 1-2 мм

* 3-4 мм

*+5 мм және одан жоғары

* 15 мм және жоғары

* 21 мм

! Теріс Манту сынамасындағы нәтиже:

*+реакцияның болмауы немесе 1-2 мм

* папула көлемі 3-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

*15 мм және жоғары

* 21 мм

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады:

* +виражды реакциясы бар балалар

*күмәнді туберкулин реакциясы бар балалар

* 3 мм және одан көп Манту сынамасы өлшемінің өсуі

* 2ТБ Манту сынағының теріс нәтижесі

* бұрыннан инфекция жұқтырғандарды

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады келесі балалар:

* бірнеше жыл бойы оң нәтижелі Манту сынамасы

* +гиперергиялық туберкулин реакциясы бар балалар

* 3 мм және одан көпке Манту сынамасы өлшемінің өсуі және

* 2ТБ Манту сынағының теріс нәтижесі

* БЦЖ екпесін алған және Манту сынымасы оң нәтижелі балалар

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады:

* бірнеше жыл бойы оң нәтижелі Манту сынамасы

*оң нәтижесінен кейін алғашқы теріс нәтиже

* +6 мм және одан көпке Манту сынамасы өлшемінің өсуі және 12 мм-ден жоғары болуы

* 2 ТБ Манту сынағының теріс не күмәнді нәтижелері

* БЦЖ екпесін алған және Манту сынымасы оң нәтижелі балалар

! Кох сынамасының оң (+) нәтижесіне тән папула көлемі:



* реакцияның болмауы

*+папула 15-20 мм және одан жоғары

* папула 2-4 мм

* папула көлемі 5-7 мм

* папула көлемі 3-5 мм

! Пирке сынамасы жүргізіледі

*+теріге

* тері астына

* тері ішіне

* көк тамырға

* бұлшық етке

! ТМБ жұқтырғандар деп, Манту сынамасынан кейін туберкулинге сезімталдығы нақты анықталғандарды айтады:

*+алғаш оң нәтижелі Манту сынамасы, гиперергия не папуланың 6 мм-ге өсуі

* алғаш оң нәтижелі реакция (папула көлемі 5мм ден жоғары), БЦЖ вакцинасиясының имунитетімен байланысты

* 4-5жыл бойы инфильтраттың көлемі 2-4 мм болып тұрақты сақталуы

* БЦЖ вакцинасиясының имунитетімен байланысты теріс нәтиженің тұрақты сақталуы

* папуласыз гиперемияның бірнеше жыл бойы тұрақты сақталуы

!Гиперергиялық реакция мен вираж анықталған жағдайда балалар :

* диспансерлік есептің 0 тобында тұруы қажет

* диспансерлік есептің ІІІ-А тобында тұруы қажет

*+диспансерлік есептің ІІІ-Б тобында тұруы қажет

* диспансерлік есептің І-А тобында тұруы қажет

* педиатрдың есебінде тұруы қажет

! Балаларда Манту сынамасы күрт оң деп есептеледі, егер инфильтрат мөлшері:

* 2-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

* 17 мм және одан жоғары

*+15 мм және жоғары

* 12мм және одан жоғары

! Жасөспірімдерде Манту сынамасы күрт оң деп есептеледі, егер инфильтрат мөлшері:

* 2-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

*+17 мм және одан жоғары

* 15 мм және жоғары

* 12мм және одан жоғары

!Балаларда гиперергиялық реакция мен вираж анықталған жағдайда, өзге алдын алу егулері жасалу керек

* туберкулезге тексеріліп ауруы жоққа шығарылғаннан кейін



* кемінде 6 айдан кейін

*+химиялық ем курсы аяқталғаннан кейін үш айдан кейін

* 1 жылдан кейін, яғни есептен шығарылғаннан кейін

* жасалатын мерзімінің маңызы жоқ

! Манту сынамасының қарсы көрсеткіштері болатыны:

*+тері аурулары, жедел және өршу кезеңіндегі созылмалы аурулары (эпилепсия)

*аллергиялық жағдай, ревматизмнің ремиссия кезеңі, бронхиалды астма

* бұрын болған туберкулез

* туберкулезбен ауратын науқаспен қатынас

* туберкулезбен инфицирлену

!Балаларда кездесетін жұқпалы аурулардан уақытша тыйым салынған ұжымдарда (карантин) Манту сынамасы

* 1 айдан кейін жасалады

* 2 аптадан кейін жасауға болады

* карантин мерзімі өткен сон 1 айдан кейін ғана жасауға болады

* аурулар болмаған жағдайда жасауға болады

*+тек тыйым мерзімі өткен соң ғана жүргізіледі

!АИВ-жұқтырылған балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасы жасалады ма және оның себептерін анықтаңыз:

*жүргізіледі, өйткені теріс немесе күмәнді Манту нәтижесі ТМБ жұқтырылғанын жоққа шығарады

* жүргізілмейді, өйткені туберкулинге ағзаның айқын аллергиялық белгісі болуы мүмкін

* кез келген жағдайда Манту сынамасы жүргізіледі

*жүргізіледі, өйткені теріс немесе күмәнді Манту нәтижесі туберкулездің активті процесінің жоқ болуын дәлелдеуі мүмкін

*+жүргізілмейді, өйткені теріс не күмәнді Манту нәтижесі туберкулез жұқтырғанын не активті процесінің бар болуын дәлелдемейді

!Туберкулез инфекциясы ошақтарының балаларына туберкулинді диагностика жүргізіледі

* бала емханасында

* үйде

* мектепте

* қез келген жерде жасауға болады

*+туберкулезге қарсы диспансерлерде

! Манту сынамасын үйде

*егуге болады

*+егуге болмайды

* туберкулез инфекция ошағындағы балаларға егуге болады

* тек ерте жастағы бабаларға жасауға болады

* әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға егуге болмайды

! Манту сынағын жүргізуге қандай туберкулин қолданылады?

* қүрғақ тазартылған РРД-5 ТБ туберкулин

* РРД –S халықаралық стандарт

*+тазартылған РРД- 2 ТБ туберкулині

* Кохтың альт туберкулині

* тазартылған сенситин

! Манту сынамасын жасауға қолданылатын туберкулин мөлшері (мл):

* 0,05

*+0,1

* 0,2

* 1,0

* 0,025

!Химиялық алдын алудың қарсы көрсеткіштері:

*+қояншық, ОЖЖ зақымданулары

*жыныс-несеп жүйесінің аурулары

* жүрек-тамыр жүйесінің аурулары

* сүйек-буын жүйесінің аурулары

*ағзаның созылмалы аурулары

!Поствакциналды аллергияға тән Манту сынамасындағы папула жайы:

* папула өлшемі 15 мм және жоғары

*+жыл сайын төмендейді

* жыл сайын өршиді

* көлемі 12 мм-ден жоғары

* оң нәтижелі анергия

! Туберкулез ауруының «қауіп –қатер» тобына жататын балалар:

* анемиямен

* ЖРВИмен ауырғандар

*+ұзақ жөтел (2 аптадан аса уақыт), улану белгілерінің қарқынды күш алуы

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

*шеткі лимфа түйіндерінің 4 және одан көп топтарында 2-3 өлшемге дейін ұлғаюы

! Туберкулез инфекциясына спецификалық аллергия анықталады

* Кох сынағымен

* БЦЖ вакцинасымен

*+Манту сынағымен

* Пирке сынағымен

* лимфоциттердің бласттрансформация реакциясымен

! Күмәнді Манту сынамасы - бұл:

* анергиялық реакция

* алғашқы анықталған оңбелгі -вираж

*+гиперемия, папула 2-4 мм

* папула көлемі 12-17 мм

* папула көлемі 5-11 мм

! Туберкулезді химиялық алдын алуы АИВ жұқтырылған балалар, жасөспірімдер және ересектерге бір реттік жүргізіледі:

*изонизид 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 3-ай бойы

* рифампицин (10 мг/кг салмағын* және этамбутол (15 мг/кг салмағын* 12 ай бойы интермиттирлеуші тәртіпте

*+изонизидпен (Н) 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 6-ай бойы

*рифампицин (10 мг/кг салмағын* және пиразинамид (25 мг/кг салмағын* 6 ай бойы күнделікті тәртіпте

*изонизид 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) және этамбутол (15 мг/кг салмағын*, қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 3-ай бойы

! Туберкулин сезімталдығының виражы болатыны:

*+былтыргы теріс Манту сынағының биылғы жылы оң нәтижесіне ауысуы

* былтыргы оң Манту сынағының биылғы жылы гиперергия нәтижесіне ауысуы

* былтыргы күмәнді Манту сынағының биылғы жылы оң нәтижесіне ауысуы

* былтыргы Манту сынағына қарағанда биылғы нәтижесінің 6 мм-ге өсуі

* оң Манту сынағының теріс нәтижесіне ауысуы

! Біріншілік жұқтыру кезеңдері:

* бронхогенді себілу

* жасырын микробизм

*+аллергия алды және аллергиялық

* тұрақсыз бактериемия

*өршуікезеңі мен диссеминация

! Алғашқы жұқтырудың туберкулезге ауысуына негізгі себеп болатыны:

* иммунитеттің жас ерекшеліктері және БЦЖ вакцинациясының дұрыс сақталмауы

*+көп мөлшердегі жоғары вирулентті ТМБ организмге енуі

* гигиеналық тәртіпті бұзуы және нашар тамақтануы

* интеркурренттік аурулар

* туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас
! Салыстырмалы диагностиканы жүргізгенде қолданылатын сынама:

* Манту сынағы

*+теріастылық Кох сынағы

* Пирке сынағы

* Михайлов сынағы

* гемотуберкулин сынағы

! «Қауіп-қатер» тобына жататын балалар

* вирусты гепатитпен

* қояншықпен ауыратындар

*+әлеуметтік жағдайы нашар, жабық оқу орындағылар

* эндокринді аурулардан, семіздіктен зардап шегетіндер

*БЦЖ вакцинациядан кейін тыртығы дамыған балалар

! Манту сынағын балаларға қандай мақсатпен қолданады?

* туберкулезге қарсы спецификалық иммунитеттің өндірілуі

* организмнің инфекция жұқтырған деңгейін анықтау үшін

*+туберкулездің диагностикасы

* БЦЖ реакциясын қадағалау

* туберкулезден жазылғанын анықтау

! Егерде 12 мм папула өлшемімен Манту сынамасы оң болса, онда бұл бала

* міндетті түрде туберкулезбен аурған

* қоршағандар адамдарға жұқпалы

* тек туберкулезді жұқтырған

*+туберкулезді жұқтырған және аурған болуы мүмкін

* поствакциналды аллергия

! Туберкулез диагнозын қоюда маңызды болатыны

*+ТМБна қақырықты зерттеу

* кеуде торының рентгендік зерттеуі

* Манту сынағы

* жалпы қан және зәр көрсеткіштері

* кеуде торының перкуссия мен аускультациясы

! Вакциналаудан кейінгі аллергия келесі белгілермен көрінеді:

* улану белгілерінің болуымен

* алғашқы Манту сынағының оң болуымен (вираж)

* БЦЖ вакцинациясының төменгі тийімділігімен

*+Манту сынағының оң болуымен (5-11 мм), папуласы айқын емес, тез сөнетін

* Манту сынағының оң болуымен (12-21 мм), папуласы айқын, пигментация қалдыратын, везикула болуы мүмкін

! Инфекциялық аллергия келесі белгілермен көрінеді:

*+везикула-некротикалық реакциямен, виражбен не өлшемінің өсуімен

* алғашқы Манту сынағының теріс болуымен

* вакцинацияланған балаларда болуымен, тыртық өлшемі 5-8 мм

* Манту сынағының оң болуымен (5-11 мм), папуласы айқын емес, тез сөнетін

* Манту сынағының күмәнді не теріс болуымен

! Анергиялық реакциялардың түрлері:

* біріншілік не екіншілік

*+оң және теріс

* гиперемиялық не гиперергиялық

* некротикалық не везикулярлы

* теріс не күмәнді

! Күрт оң реакцияларына жататыны:

* 5 мм және одан жоғары

*+17 мм және одан жоғары, везикула- некроз

* екпе орынының белгісі

* гиперемия не папула көлемі 4 мм дейін

* апигменттік дақ

! Туморозды бронхоадениттегі жиі болатын туберкулиндік сынаманың өлшемі:

* күмәнді лимфангоитпен

* гиперергиялық не теріс

*+оң немесе күрт оң

* теріс анергия

* везикула-некроз не күмәнді

! Туберкулезді плевритте Манту сынамасы жиі болады:

* күмәнді

* оң (5-12 мм)

*+гиперергиялық

* теріс

* оң (12-14 мм)

! Туберкулездің біріншілік формаларындағы туберкулин сезімталдығы:

* сирек күмәнді

*+жиі оң

* теріс болуы мүмкін

* везикула-некротикалық

* анергиялық

! Туберкулездің біріншілік асқынған формаларындағы туберкулин сезімталдығы сипатталады:

* кейде теріс

*+жиі нормергиямен

* гипоергиямен болуы мүмкін

* везикула-некротикалық

* күмәнді

! Педиатр тәжрибесінде жиі қолданылатын сынама:

* Семенов

* Пирке

* Ривальт

*+Манту

* Кох

! Туберкулезбен жұққандық көрсеткіші анықтайды:

* туберкулезді жұқтырған нәтижесіндегі 1000 бала тұрғындарына шаққандағы оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* пайызбен есептегендегі алғашқы оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* 1000 тексерілген адамдарға шаққандағы күрт оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* пайызбен есептегендегі бұрыннан туберкулез инфекциясын жұқтырғандардың саны

*+пайызбен есептегендегі туберкулезді жұқтырған нәтижесінде оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

! Химиялық алдын алу туралы мәлімет тіркеледі:

* профилактикалық егу картасына (№063-у нұсқасы)

*+емханалық медкартасына (№026), ТБ-01, орындалған емнің қадағалау бетіне

* тек туберкулезге қарсы мекеменің диспансерлік картасына (ТБ-01)

* жүргізілетін химиотерапияның қадағалау парағы

* баланың даму тарихына (№112/у нұсқасы)

! Балалардағы туберкулезге қауіп-қатер топтарына жататыны

* созылмалы ауруларымен адамдар

* басқа жерден көшіп келгендер

*+ата-анасы созылмалы маскүнемдікке, нашақорлыққа салынған отбасылар

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

* Манту сынамасы бірнеше жыл бойы оң нәтижелі балалар

! Балалардағы туберкулезге қауіп-қатер топтарын құрайтын жандар:

* созылмалы ауруларымен адамдар

* басқа жерден көшіп келгендер

*химио алдын алушылар

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

*+гормонды терапия қабылдаушылар

!Туберкулездің химиялық алдын алуы қандай АИВ жұқтырылған адамдарға жүргізіледі?

*+туберкулез науқасымен қатынаста тұратынына байланыссыз, бірақ АИВ-жұқтырылғаны анықталған адамдардың барлығына жүргізіледі

* тек туберкулез науқасымен қатынаста тұратын АИВ-жұқтырылған адамдарға жүргізіледі

*туберкулез науқасымен қатынаста тұрмайтын АИВ-жұқтырылған адамдарға жүргізілмейді

*бактерия бөлінуі нәтижесімен байланысты туберкулез науқасымен ұстанған қатынастағы АИВ-жұқтырылған адамдардың барлығына жүргізіледі

* оң Манту реакциясында жүргізіледі

! Фтизиатрға қаралуға бала мынадай шағымдарымен келді: шеткі лимфа түйіндерінің 4 тобының ұлғаюы. Туберкулезді қатынасты жоққа шығарады. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде - өзгеріс анықталған жоқ. Диспансерлік есеп тобын және бақылау мерзімін анықтаңыз.

* ІІІ-Б есеп тобы – 2 жыл

*+ІІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 2 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 1 жыл

* 0 - есеп тобы – 4 ай

! Бала фтизиатрға қаралуға келді. Улану белгілері айқын. Шеткі лимфа түйіндері 4 тобында ұлғайған. Активті туберкулезі бар анасымен қатынаста болғаны анықталды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде - өзгеріс анықталған жоқ. Сіздің қойған болжам дигнозыңыз және қандай шара қолдануы қажет?

* вираж – изониазидпен 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу

*+балада біріншілік туберкулез болуы мүмкін – тексерулерді жалғастыру

* өкпе туберкулезі – ауруханаға емделуге жіберу

* педиатрдың бақылауы – туберкулезі жоқ

* туберкулезді қатынас - изониазидпен 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу

! Балаға Туберкулезді алғаш рет жұқтырған диагнозы қойылды. Диспансерлік есеп тобын және бақылау мерзімін анықтаңыз.

*+ІІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 2 жыл

* І-Б есеп тобы – 1 жыл

* 0 - есеп тобы – 4 ай

! Бала-бақшадағы жүргізілетін алдын алу шаралары:

* флюорография

*+қатер топтарына Манту сынағын қою

* томография

* тері астылық Кох сынамасы

* Пирке сынағы

! ІІІ-Б диспансерлік есеп тобында бақылауда тұратын балалар:

*+гиперергиялық Манту сынамасы

* әктену және тығыздалу сатысындағы өкпе туберкулезі

* ыдырау және себілу сатысындағы өкпе туберкулезі

* инфильтрация сатысындағы өкпе туберкулезі

* деструкциялы өкпе туберкулезі

! Фтизиатрға Манту реакциясының нәтижесін алғаннан кейін жіберілмейтін балалар:

* виражбен

*+теріс сынамаларымен

* гиперергиялық реакциямен

* сынамалардың 6 мм және одан жоғары болуы

* везикуло-некротикалық өзгерістерімен

! “Вираж “ - нені дәлелдейді?

* ревакцинация қажеттігін

* туберкулездің болуын

* вакцинациядан кейінгі аллергияны

*+алғашқы жұқтырылуды

* екіншілік жұқтырылуды

! 1 жас 4 айлық балаға туберкулинді Манту сынамасы жүргізілген – папула 7 мм. Аймақты фтизиатрға кеңеске жіберілді. Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз?

* инфекциялық аллергия

*+вакциналаудан кейінгі аллергия

* парааллергиялық белгі

* токикалық аллергия

*жұқпалы аллергия

! 1 жастағы баланың вакциналаудан кейінгі аллергия көрсеткіші болатын папула көлемі (мм):

*12 -14 дейін

*15 -17 дейін

*18-21 дейін

*+5-11 дейін

* 2-4 дейін

! Виражбен балаларға химиялық алдыналу жүргізіледі:

* 3 спец. препаратпен

*+1 спец.препаратпен

* 2 спец.препаратпен

* кең спектрлі антибиотиктермен

*дәрумендермен және микроэлементтер

! Балалардағы туберкулездің дер кезінде анықталуы түрлеріне жататыны

* асқынулармен КІЛТТ

* туберкулезді менингит

* диссеминирлі туберкулез

* вираж

*+біріншілік туберкулезді кешен

! Келоидты тыртықтың болатыны

*тиімді иммунизация нәтижесінде

*біріншілік жұқтырудың нәтижесінде

*+БЦЖ вакциналаудың асқынуы

* тийімсіз иммунизация нәтижесінде

* БТКның нәтижесінде

! БЦЖ екпесінен кейін 1 жастағы балада Манту сынағының нәтижесі жиі болады:

* күмәнді реакция

*+11 мм дейін оң реакция

*14 мм ден жоғары оң реакция

* теріс реакция

* күрт оң реакция

! 2 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 4 мм. Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Баланың қауіп-қатер тобында бақылау қажеттілігін көрсетіңіз.

* иә, қажеттілігі бар

*+қажеттілігі жоқ

* фтизиатрдың бақылауы қажет

* педиатрдың бақылауы қажет

* қалай да болса туберкулин сынағын қою қажет

! 5 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 3 мм.Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Жыл ішінде 2 рет ЖРВИмен, осыдан жарты жыл бұрын жел шешекпен аурып шықты. Баланың қауіп-қатер тобында бақылау қажеттілігін көрсетіңіз!

*+иә, қажеттілігі бар

* қажеттілігі жоқ

* тек фтизиатрдың бақылауы қажет

* мүмкін педиатрдың бақылауы қажет

* инфекциялы аурухана дәрігерінің кеңесі

! Химиопрофилактика ең тиімді болады, егерде ол жүргізілетін болса

* туберкулезге қарсы диспансерде

*+шипажайда

* емханалық жағдайда педиатрмен

* бала-бақшада

* мектепте

! 10 жастағы балаға 6 жасында БЦЖ ревакцинациясы жасалған – екі тыртығы бар: 3мм, 5мм. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. 9 жасында Диффузды гломерулонефрит диагнозымен облыстық бала ауруханасына жатқызылды, сол жерде 5 ай бойы гормонды терапия жүргізілді. Қазіргі кезде жалпы әлсіздік, терлегіштік, субфебрильді дене қызуы мазалайды.

Гломерулонефритті емдеу кезіндегі дәрігердің әрекеті дұрыс па және оның себебі?

* иә, дәрігер дұрыс жасаған, ол негізгі ауруды емдеді

* жоқ, бүйрек туберкулезін анықтау үшін кеңеске фтизиатрды шақыруы қажет болатын

*+жоқ, гормонды терапия тағайындау алдында, баланың туберкулез жұқтырғандығын анықтау үшін алдын ала Манту сынағын жасау керек еді

* жоқ, жас ерекшеліктеріне байланысты бұл балаға гормонды терапияны жасауға болмайды

* жоқ, активті туберкулезді анықтау үшін барлық балаларғагормонды терапия тағайындау алдында өкпенің рентгенографиясы жасалады

! 10 жастағы балаға 6 жасында БЦЖ ревакцинациясы жасалған – екі тыртығы бар: 3мм, 5мм. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. 9 жасында Диффузды гломерулонефрит диагнозымен облыстық бала ауруханасына жатқызылды, сол жерде 5 ай бойы гормонды терапия жүргізілді. Алдын ала қойылған Манту сынамасының нәтижесі – 14 мм папула. Қазіргі кезде жалпы әлсіздік, терлегіштік, субфебрильді дене қызуы мазалайды.

Нені болжамдауға болады және оның себебі?

* балада активті туберкулез науқасымен белгісіз қат*ынас нәтижесіндегі дамыған алғашқы инфекция жұқтырылуы

*балада гломерулонефриттің асқынуындағы дамыған активті туберкулез

*балада гломерулонефриттің асқынуындағы дамыған несеп-жыныс жүйесінің туберкулезі

*+инфекция жұқтырған балаға гормонды терапияны туберкулезге қарсы препараттарсыз жүргізу нәтижесінде стероидты туберкулез дамыған

*балада негізгі аурудың өршуі байқалды

! Туберкулез таяқшасының қандай қасиетіне Циль-Нильсен бойынша бояуы негізделген:

* әр түрлі бояуға тұрақтылық

*сілтіге тұрақтылық

* спиртке тұрақтылық

* жарыққа тұрақтылық

*+қышқылға тұрақтылық

! Амбулатория жағдайында жасалу керек:

*+тек Манту сынамасы 2 ТБ-мен

* 100 ТБ Манту сынамасы

* тек Кох сынамасы

* Пиркесынағы

* Митинская сынағы

№ 3 ТАҚЫРЫП «БІРІНШІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗ»

! Бала: жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді! Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді! Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр! Ең ықтимал болжам диагнозын қойыңыз:


4492381438331622.html
4492423598365809.html
    PR.RU™